2021 жылы 8 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Ана тілім – бабам тілі, өз тілім!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Студенттердің еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дарыту.
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі болып ауыстырылған себебі– «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты екені студенттерге түсіндірілді. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы студенттер білімдерін тереңдетіп, өздеріне жаңа мәліметтер алды.
Тәрбие сағаты баяндамалар, презентациялар, бейнеклиптермен сүйемелденді. 15 топ студенттері Жайынбаева Гүлжазира Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді оқыса, Жакенов Абылайхан домбырада Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін орындап тәрбие сағатын безендіре түсті. Сонымен қатар студенттер тіл туралы нақыл сөздерді, өлеңдерді, мақал-мәтелдерді жатқа айтып, өнерлерін ортаға салды. Тәрбие сағатының мақсаты өсіп келе жатқан ұрпаққа «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей біз ата - анамыздың тәрбиесін ана тілінде алып, салт - дәстүрімізді бойымызға қазақ тілінде сіңіру керекпіз.